Қазақстан халқы Тілдері күніне арналған оңкүндіктің жабылу салтанаты өтті

2025 жылдың қыркүйек айының 23-і күні мектебімізде Қазақстан халқы Тілдері күніне арналған Тіл оңкүндігінің жабылу салтанатты линейкасы өтті. Апталық аясында өткізілген түрлі танымдық, тәрбиелік шаралардың қорытындысы жасалып, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.Тіл апталығының басты мақсаты — мемлекеттік тілді, сонымен қатар елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Апта бойы әртүрлі сыныптар арасында эссе жазу, мәнерлеп оқу, көркем сөз, тіл білгірі сайыстары, сахналық қойылымдар мен интеллектуалды ойындар өткізілді.Салтанатты жиында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз сөйлеп, апталық аясында белсенділік танытқан оқушылар мен сынып жетекшілеріне алғысын білдірді.Шара соңында төмендегі номинациялар бойынша үздік шыққан оқушыларға мақтау грамоталары мен алғыс хаттар табысталды: • “Үздік мәнерлеп оқушы” • “Тіл шебері” • “Тапқыр оқушы” • “Көркем сөз иесі” • “Ұйымшыл сынып” және т.б.Тіл – халықтың жаны, рухы. Осындай апталықтар арқылы жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, мемлекеттік тілді сүюге тәрбиелеу – әр ұстаздың, әр ата-ананың парызы

Источник дополнительной информации