«Кім бұл?» қызықты үзіліс

3.03.2026 жылы №1 Смирнов орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі аясында 5–10 сынып оқушылары арасында “Бұл кім?” атты сұрақ-жауап үзілісі өткізілді. Танымдық әрі тағылымды шараның басты мақсаты – оқушылардың қазақ халқының тарихы мен әдебиетіндегі көрнекті тұлғалар туралы білімдерін кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және зияткерлік қабілеттерін дамыту.Сұрақ-жауап оқушыларға қазақ әдебиеті мен тарихында ерекше орны бар тұлғалардың суреттері көрсетіліп, олардың есімдерін табу ұсынылды. Қатысушылар Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Әлия МолдағұловМағжан Жұмабаев сынды тарихи тұлғаларды үлкен қызығушылықпен танып, олардың өмірі мен еңбектері жайлы тың деректермен бөлісті.“Бұл кім?” зияткерлік сайысы оқушылардың туған ел тарихына, әдебиетіне деген қызығушылығын арттырып, ұлт зиялыларының мұрасын құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды шара болды. Осындай тағылымы мол іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол.

Источник дополнительной информации