Наурыздың сәні – зергерлік бұйымдар

5 наурыз күні №1 Смирнов орта мектебінде қазақ тілі пәнінің онкүндігі аясында 7 «А» сынып оқушыларымен «Наурыздың сәні – зергерлік бұйымдар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бимагамбетова Ж.О. ұйымдастырып, оқушыларға ұлттық құндылықтар мен қазақ халқының бай мәдени мұрасы туралы кеңінен мағлұмат берді.Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, ұлттық дәстүрлерді таныту және қазақ халқының зергерлік өнері туралы білімдерін кеңейту болды. Сабақ барысында оқушылар қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары – сырға, алқа, білезік, жүзік сияқты әшекейлердің тарихы мен маңызы туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, әр бұйымның қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде алатын орны мен тәрбиелік мәні түсіндірілді.Оқушылар топтық жұмыстар орындап, өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Олар зергерлік бұйымдардың атауларын талдап, олардың ерекшеліктерін сипаттап, ұлттық мәдениеттегі рөлі туралы пікір алмасты. Сабақ барысында көрнекіліктер мен қызықты тапсырмалар қолданылып, оқушылардың белсенділігі жоғары болды.Сабақ соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, қазақ халқының зергерлік өнерінің маңызы зор екендігін атап өтті. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.

Қосымша ақпарат көздері