Алматы қаласында Республикалық ғылыми‑практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаға-талантты ұстаз» байқауы өтті. Байқау талантты педагогтарды қолдауға, озық тәжірибе алмасуға және дарынды балалармен жұмысты дамытуға бағытталған.Аталған беделді педагогикалық сайысқа еліміздің түрлі өңірлерінен келген мұғалімдер қатысып, өздерінің авторлық әдістемелерін, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәсілдерін, сондай-ақ жеке педагогикалық жобаларын ұсынды.Байқау қорытындысы бойынша «№1 Смирнов орта мектебінің» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Аружан Мейрбекқызы өз мектебінің намысын лайықты қорғап, жоғары кәсібилігін көрсетті. Білімі мен педагогикалық шеберлігінің, сондай-ақ балалармен жұмыс істеудегі шығармашылық көзқарасының арқасында ол жүлделі ІІІ орынды иеленді. 🎉
«Дарынды балаға-талантты ұстаз»республикалық байқауы
