Мерекелік ауылға саяхат

«№1 Смирново орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбында Наурыз мерекесіне арналған кіріктірілген сабақ өтті. Іс-шара мерекелік ауылға қызықты саяхат түрінде ұйымдастырылып, балалар қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетімен танысты.Саяхат барысында тәрбиеленушілер ән айтып, ұлттық билер билеп, домбыраның әуенін қызығушылықпен тыңдады. Ұлттық ойындар мен жарыстар балаларға ерекше қуаныш сыйлады, онда олар өздерінің ептілігін, тапқырлығын және командалық рухын көрсете алды. Іс-шара соңында бәрі дастархан басына жиналып, онда көңілділік, қонақжайлылық және нағыз мерекелік көңіл күй орнады. Мұндай сабақтар балалардың мәдени дәстүрлермен танысуына көмектеседі, ұлттық мұраға деген құрмет сезімін тәрбиелейді және жарқын жағымды эмоциялар сыйлайды.

Қосымша ақпарат көздері