«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында 4-тоқсанның басынан бастап мектебіміздің мұғалімдері Ивановка, Черкаский және Доброволь мектептерінде пилоттық форматта сабақтар өткізуді бастады. Сабақтар Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн форматта жүргізілуде. Аталған жұмыстың мақсаты – педагогикалық тәжірибе алмасу, оқытудың тиімді әдістерін енгізу, сондай-ақ мектептер арасында бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру. Педагогтер заманауи тәсілдерді апробациялап, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа кәсіби тәжірибе жинақтауда. Бұл өз кезегінде оқушылардың оқу жетістіктеріне оң әсерін тигізуде. Келесі оқу жылынан бастап аталған тәжірибені ресми деңгейге көшіру жоспарлануда. Магниттік мектептерде сабақ өткізу тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын енгізу
