Біздің мектептің оқушылары М. Козыбаева атындағы СҚУ- де өткен Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара облыс мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру және жоғары оқу орнының білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.Сапар барысында оқушылар факультеттермен, білім беру бағдарламаларымен танысты, сондай-ақ оқуға түсу шарттары мен студенттік өмір туралы білді. Университет өкілдері экскурсия өткізіп, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.Ашық есік күніне қатысу біздің оқушыларымыз үшін болашақ мамандықты таңдауда маңызды қадам болды.
М. Қозыбаев атындағы университетінде ашық есік күні
