2026 жылдың 2 сәуірінде Қ. Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің базасында ауданымыздың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің басын қосқан маңызды семинар өтті. Іс-шарада біздің мектебіміздің атынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.У. Ильясова қатысты.Семинардың тақырыбы — «Жасанды интеллект интеграциясы қазақ тілі сабағында және адал азамат тәрбиелеу» — қазіргі білім беру саласының ең өзекті мәселелерін қамтыды. Қатысушылар қазақ тілін оқыту процесіне жасанды интеллект технологияларын қалай енгізуге болатынын, сол арқылы сабақтарды барынша интерактивті әрі дербестендірілген ету жолдарын талқылады.Семинар барысында ашық сабақ және тренинг өтті. Мұғалімдер сабақта жасанды интеллектің тиімді жолдарын талқылады.
Инновациялар мен құндылықтар: аудандық семинарға қатысу
