Мектепте «Біз біргеміз» ұранымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті мамандарының онкүндігінің ашылуы өтті.Ашылу аясында ата-аналарға арналған ақпараттық акция ұйымдастырылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша олардың хабардарлығын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар «Мейірімділік әлемі» атты мектепішілік байқауға старт берілді. Байқау барысында қатысушылар сурет, эссе және фотоколлаж арқылы өздерін көрсете алады.Онкүндік әрбір бала үшін мейірімді, қолдаушы және инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті мамандарының онкүндігінің ашылуы
