Жүрегі кең жандар!

Жүрегі кең жандар -бұл өзгелердің қайғы-қасіретіне бейжай қарамайтын адамдар. Олардың мейірімділігі мен жанашырлығы тұтас отбасылардың өмірін өзгертіп, үміт пен жаңғыруға шабыт береді. Әрқайсымыз өз ортамызда қамқорлық пен қолдау көрсете отырып, сондай адам бола алатынымызды ұмытпағанымыз жөн. Осындай жандардың қатарына Векерле Сергей Юрьевич пен Овчаренко Александр Николаевич жатады. Наурыз мерекесін атап өту барысында Сергей Юрьевич мектебімізде оқитын балалары бар бес отбасына азық-түлік пакеттері түрінде көмек көрсетті. Ал Александр Николаевич бір отбасыға отын әкеліп берді.Демеушілерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз!

Қосымша ақпарат көздері