Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмысы аясында жарқын әрі есте қаларлық «Көңілді старттар» іс-шарасы өткізілді. Бұл шара балалар үшін күлкіге, қозғалысқа және жағымды эмоцияларға толы нағыз мерекеге айналды. «Көңілді старттарды» өткізудің негізгі мақсаты — балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ әрбір бала үшін табыс жағдайын жасау болды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге, оларды ортақ әрекетке тартуға және жеке мүмкіндіктерін ашуға ерекше көңіл бөлінді.Педагогтер балаларды сүйемелдеп, қажет болған жағдайда көмек көрсетіп, қауіпсіз әрі жайлы қатысу үшін барлық жағдайларды жасады. Маңызды сәттердің бірі- ойын тәсілдерін қолдану болды, бұл балалардың мазасыздануын төмендетіп, ынтасын арттыруға ықпал етті.
Көңілді старттар- қозғалыс, достық және қуаныш мерекесі
