«Көңілді үзілістер»

Мектепте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің онкүндігі аясында 1–2 және 3–4 сынып оқушыларына арналған «көңілді үзілістер» ұйымдастырылды. Іс-шаралар ойын және достық атмосферада өтіп, балалардың эмоционалдық интеллектісі мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.Бастауыш сынып оқушылары үшін қызықты іс-әрекеттер дайындалды: эмоциялар бейнеленген карточкалармен ойындар балаларға өз сезімдерін танып, атауды, сондай-ақ айналасындағы адамдардың эмоцияларын жақсы түсінуді үйренуге көмектесті. «Дыбысты тап» ойыны ерекше қызығушылық тудырды, онда балалар әртүрлі дыбыстарды есту арқылы анықтап, зейін мен қиялын дамытты. «Көңілді үзілістер» тек демалуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатын қолдауға және мектепте жағымды орта қалыптастыруға бағытталған пайдалы тәжірибеге айналды.

Қосымша ақпарат көздері