Тәртіп пен ұқыптылық

«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында балалармен топтағы тәртіп ережелері тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілердің күнделікті өмірде тәртіп пен ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру. Әңгіме барысында балалар негізгі ережелермен танысты: ойыншықтарды өз орындарына жинау, кітаптар мен оқу құралдарына ұқыпты қарау, тазалық сақтау, киімдерін ұқыпты жинау.Балалар талқылауға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және көрнекі мысалдар арқылы білімдерін бекітті. Жүргізілген жұмыс жауапкершілікке, дербестікке және өзгенің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері