«Жұлдызды саяхат: ғарыш құпияларына қарай»

«Жұлдызды саяхат: ғарыш құпияларына қарай»«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында ғарыш тақырыбына арналған қызықты іс-шара өтті. Бұл күні балалар жұлдызды аспанға сиқырлы саяхат жасап, ғаламшарлар, жұлдыздар және ғарыш кеңістігі туралы көптеген қызықты мәліметтер білді.Балалар ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысып, «ғарыштық тапсырмаларды» орындады, сондай-ақ зымырандар мен жұлдызды аспанның жарқын суреттерін салып, шығармашылықтарын көрсетті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жаңа білім, қуаныш және жарқын әсер сыйлады. Мақсаты:Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту, танымдық қызығушылығын және қиялын дамыту.

Қосымша ақпарат көздері