Ағылшын тілі мұғалімдерінің облыстық семинарына қатысу

2026 жылғы 10 сәуірде ағылшын тілі мұғалімі Жаксылык С.М. КММ «Әдістемелік орталық» пен «InterPress Distribution» ЖШС-ның ұйымдастыруымен, халықаралық Oxford University Press және Macmillan Education баспаларының қолдауымен өткен облыстық семинарға қатысты.Семинардың тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың белсенділігін арттыру және сыныпты ынталандыру жолдары». Іс-шара барысында қатысушылар оқытудың заманауи тәсілдерін талқылап, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың тиімді әдістерін қарастырды. Семинардың практикалық бағыты педагогтарға тәжірибе алмасып, алдағы жұмыста қолдануға арналған пайдалы құралдар алуға мүмкіндік берді.Іс-шара Петропавл қаласындағы Н.К. Крупская атындағы №10 орта мектеп базасында өтті. Осындай семинарларға қатысу педагогтардың кәсіби дамуына және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері