«Кішкентай жүректердің жасыл бағы»

«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында қызықты экологиялық іс-шара жасыл бұрыш құру өтті.Балалар бөлме өсімдіктерін отырғызуға үлкен қызығушылықпен қатысты: топырақты ұқыптап салды, көшеттерді отырғызды және қуана су құйды. Тәрбиеші бүлдіршіндерге табиғатты аялаудың, әрбір өсімдікке қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.Енді топта балалар бірге күтім жасайтын, оның өсуін бақылап, мейірімділік пен жауапкершілікке үйренетін өздерінің кішкентай «жасыл бағы» пайда болды.

Қосымша ақпарат көздері