Мақсаты:
Балалардың қарым-қатынас жасау, достық және бірлескен ойын дағдыларын дамыту.
Ойын бала өмірінде маңызды орын алады. Ойын арқылы балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, келісуді, бөлісуді және бір-біріне көмектесуді үйренеді. Бірлескен әрекет олардың бойында мейірімділік, сыйластық және ұжымда жұмыс істей білу қабілеттерін қалыптастырады.
Ойын барысында балалар бір-бірін түсінуге, қарапайым ережелерді сақтауға және ортақ нәтижеге қуана білуге үйренеді. Бұл олардың өзіне деген сенімділігін арттырып, ашық әрі достыққа бейім болуына көмектеседі. «№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында балалардың достықта, бірлесе ойнауына жағдай жасалған, мұнда әр бала өзін ұжымның бір бөлігі ретінде сезінеді.
Достық ойын- жақсы қарым-қатынасқа жол
