«Мектепке кітап сыйла — болашаққа сый жаса»

Мектепте кітапхана қорын толықтыруға және оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Мектепке кітап сыйла» акциясы өтті. Оқушылар мен ата-аналар түрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартып, белсенді қатысқаны атап өтілді.
Әрбір сыйға берілген кітап мектеп кітапханасының дамуына қосылған үлес болып, басқа оқушылардың жаңа шығармалармен танысуына мүмкіндік берді. Акция кітапқа деген ұқыпты көзқарасты қалыптастырып, мектеп ұжымында оқырман мәдениетін нығайтуға ықпал етті.

Қосымша ақпарат көздері