Облыстық «Алтын сақа» олимпиадасына қатысу

2026 жылдын 17 сәуірде №1 Смирново орта мектебі 5 «А» сынып оқушылары Сатанов Тимур мен Кудьяров Рустам математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысты. Математика пәнінің мұғалімі Ә.С.Сарсекеваның жетекшілігімен оқушылар жоғары дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілеттерін және стандарттан тыс есептерді шешу дағдыларын көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша Сатанов Тимур құрметті III орынға ие болды, ал Кудьяров Рустам қатысушы сертификатымен марапатталды.Олимпиадаға қатысу оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытудағы маңызды кезең болып табылады және математика пәнін оқуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері