«Біз — тату отбасы»

Мақсаты:Балаларда достық, өзара түсіністік және бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.Бірлік күні — бұл әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік, достық және келісім мерекесі. Бұл мереке бізді мейірімді болуға, бір-бірімізді құрметтеуге және тату өмір сүруге үйретеді.«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында осы мерекеге арналған іс-шара өтті. Балалар үшін ұйымшылдықты қалыптастыруға және достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.Балалар ойындарға белсенді қатысып, бір-біріне көмектесіп, командада жұмыс істеуді үйренді. Іс-шара жылы әрі қуанышты көңіл-күйде өтіп, балаларға жақсы әсер мен жарқын естеліктер сыйлады.

Қосымша ақпарат көздері