Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр күні орталық алаңда №1 Смирново орта мектебінің ұжымы мерекелік іс-шараға қатысып, өздерінің шеберлігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Көрсетілімнің басты тақырыбы – дәмге бай, көпғасырлық дәстүрі бар татар халқының ұлттық тағамдары болды.Іс-шараға дайындық педагогтар мен қызметкерлерді біріктірді: әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосты. Ас мәзірі, дастарқан безендірілуі және тағамдарды ұсыну мұқият ойластырылды. Ерекше назар ұлттық тағамдарға аударылды – хош иісті эчпочмак, татарша азу, губадия, кубите (тауық еті қосылған бәліш), бәліштер, манты, хворост, зур-бәлиш, кыстыбай, сүзбе мен ірімшік қосылған қатлама, татар палауы және атақты тәтті десерт чак-чак. Біз көпұлтты елде өмір сүргендіктен, дастарқанда бауырсақ, май, айран және қымыз да болды. Барлық тағамдар тек дәмділігімен ғана емес, әсем безендірілуімен де ерекшеленді. Байқау комиссиясы мектебіміздің еңбегін жоғары бағалап, безендірудің ерекшелігін, ұлттық дәстүрлердің сақталуын және қатысушылардың командалық рухын атап өтті. Көрсетілім жарқын, есте қаларлық және шынайы әсерлі болды.Байқау қорытындысы бойынша мектеп ұжымы құрметті бірінші орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл жеңіс – бірлескен еңбектің, шығармашылық көзқарастың және татар мәдениетінің байлығын көрсетуге деген шынайы ұмтылыстың нәтижесі.Осындай іс-шараларға қатысу ұжымды нығайтып қана қоймай, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға, мәдени мұраға деген құрметті тәрбиелеуге ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері