
«№1 Смирново орта мектебі» жанындағы «Айналайын» шағын орталығында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай спорттық эстафета өтті. Іс-шараның мақсаты — балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отан қорғаушыларына құрмет көрсету және дене қабілеттерін дамыту.Балалар қимылды ойындар мен жарыстарға үлкен ықыласпен қатысып, ептілік, жылдамдық және командалық рухтарын көрсетті. Іс-шара көңілді әрі белсенді өтіп, балаларға жағымды эмоциялар сыйлады.Эстафета денсаулықты нығайтуға және жолдастық сезімді тәрбиелеуге ықпал етті.
