STEM-тәсілдері мектепке дейінгі білім беруде: ойнаймыз, зерттейміз, жасаймыз

«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығының тәрбиешісі Ботагоз Темерхановна Алдабергенова Трудовое ауылында өткен «STEM-тәсілдері мектепке дейінгі білім беруде: ойнаймыз, зерттейміз, жасаймыз» тақырыбындағы семинар-практикумға қатысты.Семинардың мақсаты- балалардың ойын, зерттеу және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру арқылы мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің STEM-тәсілдерін қолданудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау. Семинар барысында қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын, сыни ойлауын және практикалық есептерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдістермен және практикалық тәсілдермен танысты.Семинарға қатысу кәсіби білімді тереңдетуге, әріптестермен тәжірибе алмасуға және шағын орталық тәрбиеленушілерімен алдағы уақытта жұмыс істеу үшін жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді.

Қосымша ақпарат көздері