«№1 Смирново орта мектебі» КММ 9–11 сынып оқушыларына діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында «Дін және қазақстандық жастар тәрбиесі» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара спикерлері ретінде жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Мазғұм Мұхаммад Қуанышұлы және тарих пәнінің мұғалімі Веселов Дмитрий Сергеевич сөз сөйледі. Кездесу барысында оқушыларға жастар тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың рөлі, конфессияаралық келісімді сақтау және Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қараудың маңыздылығы туралы айтылды. Жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикерлер әлеуметтік желілер мен интернетте таралатын ақпаратқа сыни көзқараспен қарау қажеттігін, сондай-ақ білімді ресми және сенімді дереккөздерден алудың маңызын атап өтті. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Өткізілген іс-шара оқушылардың бойында толеранттылықты, азаматтық жауапкершілікті және қазіргі қоғамдағы бейбітшілік, келісім мен рухани құндылықтардың маңызын түсінуді қалыптастыруға ықпал етті.
«Дін және қазақстандық жастар тәрбиесі» тақырыбындағы дәріс
