Соңғы қоңырау!

25 мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты №1 Смирново орта мектебінде «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттары барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, оқушылардың жетістіктері мен мектеп өміріндегі ең жарқын оқиғалар аталып өтті. Ерекше назар «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына, білім мен ғылымға құрметті арттыруға, сондай-ақ Халықтық Конституцияда айқындалған маңызды стратегиялық бағыттардың бірі ретінде инновациялық ойлауды дамытуға аударылды. Сонымен қатар оқушыларға жазғы демалыс кезеңіне арналған ұсыныстық әдебиеттер тізімі таныстырылды. Түлектер сыныбы үшін салтанатты жиын өтті. Ізгі тілектерін мектеп директоры А. Н. Тлеубергенов, Аққайың ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Р.Б. Нұрахметов, алғашқы ұстаздары Т.И. Малыш пен И.Н. Ким білдірді.
Дәстүр бойынша бірінші сынып оқушылары сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Ал түлектер мектеп ауласына өздері отырғызған атаулы ағаштарын бастауыш сынып оқушыларының қамқорлығына тапсырды.
Мереке мектеп вальсімен және соңғы қоңыраумен аяқталды. Түлектер, сіздерге сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері