«ОТАН РӘМІЗДЕРІ – БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ»

«№1 Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған «Рәміздерім – мақтанышым» атты тақырыптық сағат өткізілді.Тақырыптық күн аясында тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Әнұранымен танысып, олардың мәні мен ел үшін маңыздылығы туралы әңгімелесті. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, иллюстрацияларды тамашалады, сондай-ақ Отан рәміздері туралы білімдерін бекітуге бағытталған шығармашылық жұмыстарды (сурет салу, аппликациялар) орындады. Өткізілген іс-шара балалардың бойында патриоттық сезімді, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етті.

Қосымша ақпарат көздері