Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің «Смирнов №1 орта мектебі» КММ- де өткізген кәсіби бағдар беру бағдарламасы

«Смирнов №1 орта мектебі» КММ-де Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж ұйымдастырған кәсіби бағдар беру шарасы өтті. Кездесу жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, бірден үш мектептің оқушыларын біріктірді: «Смирнов №1 орта мектебі» КММ, «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ және «Смирнов №3 орта мектебі» КММ.
Бағдарлама колледж мамандықтарының таныстырылымдарын қамтыды, сондай-ақ әндер мен билер орындалды. Жарқын өнер көрсетулер мерекелік көңіл-күй сыйлап, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Түрлі мамандықтармен таныстыруға ерекше мән берілді. Колледж өкілдері өздерінің тәжірибелерімен және оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу перспективаларымен бөлісті.
Мектеп оқушылары белсенді түрде сұрақтар қойып, қабылдау талаптары, практикалық дайындық және болашақ мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Барлық қатысушылар жан-жақты жауаптар алып, болашақ мамандығы туралы ойлануға пайдалы ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының саналы түрде мамандық таңдауын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Қосымша ақпарат көздері