«Сапалы білім — ұлт болашағы» педагогикалық форумы өтті

5 мамырда облыста «Сапалы білім — ұлт болашағы» педагогикалық форумы өтті. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де  педагогикалық білім беру бағдарламалары түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жастар жұмыс орындарына үлкен қызығушылық танытты. Көпшілігі біздің ауданға таңдау жасады. Оларды заманауи мектептер, жабдықталуы және облыс орталығына жақын орналасуы тартады.

Форумда спикерлердің сөздерінде заманауи педагогикалық білім берудің түрлі қырлары қамтылды. Мұғалімнің беделі жыл сайын артып келе жатқаны, бұл өз кезегінде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануымен айқын көрініс тапқаны атап өтілді. Мұғалім мамандығы әрқашан сұранысқа ие болмақ.

Қосымша ақпарат көздері