«Баланың көзіндегі ананың бақыты»

Ана – бұл аспан!
Ана – бұл жарық!
Ана – бұл бақыт!
Анадан асқан жан жоқ!
Ана… бұл сөз – саған, маған, оған, бәрімізге өмір сыйлаған жанға арналады.
Осы тамаша «Аналар күні» мерекесінде біз дәстүрлі түрде сүйікті аналарымызды құттықтаймыз және үлкен алғыс білдіреміз. Смирнов №1 орта мектебі КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында Аналар күніне арналған жылы және жанды мереке өтті. Балалар аналарын сүйіспеншілікпен құттықтап, өлең оқып, ән айтып, би билеп, өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын сыйлады.
Зал шаттыққа, күлкіге және шын жүректен шыққан эмоцияларға толды.
Балаларымызға — тырысып, қуантқандары үшін, аналарымызға — шексіз махаббат пен қолдаулары үшін алғыс айтамыз!

Қосымша ақпарат көздері