«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» тұжырымдамасы аясында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Аққайың ауданының мансап орталығы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды, оған аудан орталығының 8-11 сынып оқушылары шақырылды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді кездестіру.
Бұл жәрмеңкеге біздің жоғары сынып оқушылары қатысты. Оларға екі бағдарлама бойынша жұмыс ұсынылды: алғашқы жұмыс орны және қоғамдық жұмыстар.
Оқушылар үлкен қызығушылықпен өз өтініштерін қалдырып, алғашқы жұмыс орындарына шақырту күтетін болады.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі#Қазақстанбалалары
