“Дәрігер-балалардың жанашары”#Қазақстанбалалары

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай 2025 жылдың 26 мамырда Смирнов №1 орта мектебінің спорт алаңында спорттық бағдарлау бойынша Азияның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Назырова Әсеммен кездесу өтті.
Іс-шара «Дәрігер – балалардың жанашыры» ұранымен өтті. Жылы әрі шабыттандыратын атмосферада оқушылар атақты спортшы қызбен тілдесіп қана қоймай, оның өзі жүргізген таңғы жаттығуға да қатысты.
Аталған шараға 9-сынып оқушылары қатысты. Олар сергектікке, мотивацияға және жағымды эмоцияларға толы көңіл-күй алды. Бұл кездесу салауатты өмір салтын насихаттаудың тамаша үлгісі болып, жазғы маусымның шабыттандырарлық бастамасына айналды.

#Қазақстанбалалары

Қосымша ақпарат көздері