“Дәрігер — балалардың жанашыры»#Қазақстанбалалары

«Дәрігер – балалардың жанашыры» тұжырымдамасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында 2025 жылғы 26 мамырда медбике А.А.. Добычина балаларға алғашқы медициналық көмек негіздері бойынша оқыту өткізді. Оқытудың мақсаты – балаларды жедел жәрдем келгенге дейін төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге үйрету. Оқыту балаларға жарақаттар, жазатайым оқиғалар мен шұғыл жағдайларды қоса алғанда, түрлі жағдайларға неғұрлым дұрыс әрекет етуге мүмкіндік береді, бұл өмірді сақтап қалуға және асқыну қаупін азайтуға септігін тигізеді. Алғашқы көмек көрсетуге арналған сабақтар балалардың дәрі қобдишасын дұрыс пайдалану, қарапайым манипуляциялар жасау және жедел әрі тиімді көмек көрсету сияқты маңызды практикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Қосымша ақпарат көздері