«Дәрігер – балалардың жанашыры» тұжырымдамасы аясында «Айналайын» шағын орталығының тәрбиеленушілерімен медбике Добычина Анастасия Андреевна таңғы жаттығу өткізді. Ол жаттығудың маңыздылығы туралы айтып берді. Таңғы жаттығудың пайдасы жайлы кішіден бастап үлкенге дейін бәрі біледі, алайда оны күнделікті орындаушылар өте аз. Бұл бекер, себебі таңғы жаттығу бүкіл күнге қуат береді, бұлшықеттерді дамытып, сымбатты дене бітімін қалыптастырады, ағзаның сауығуына, иммунитеттің нығаюына ықпал етеді және жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Таңғы гимнастика – баланың отбасындағы және балабақшадағы күнделікті тәртібінің міндетті бөлігі. Біздің мектепке дейінгі тәрбиеленушілеріміз үшін таң – дәл осы жаттығудан басталады.
Таңғы жаттығуды жүйелі орындау «Айналайын» шағын орталығының тәрбиеленушілерінің өзін-өзі тәртіпке келтіруіне және жинақтылығына ықпал етеді, бұл өз кезегінде балалардың ерік-жігер қасиеттерінің дамуына оң әсерін тигізеді.
Таңертеңгі гимнастика ұранмен аяқталады: «Таңғы жаттығу – мықты денсаулық кепілі!»Егер сіз таңертеңгілік жаттығуды әлі бастамасаңыз, балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілеріне қосылыңыз! Барлығына жаттығу жасау керек, одан көп пайда, ал денсаулық — бұл сіздің еңбекқорлығыңыз үшін сыйақы!
