Балалар дауысы – маңызды!#Қазақстанбалалары

2025 жылдың 27 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар үні» тақырыптық күні аудандық білім бөлімінің базасында өтті. Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы С.К. Жакупов, Аққайың ауданының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Р.Б. Кәрімова аудандық жастар орталығының директоры В.Б. Рахметуллаев сондай-ақ Смирнов №1 орта мектебі, мектеп-гимназиясы және Смирнов №3 орта мектебінің директорлары мен оқушылары белсенді қатысты. «Әрбір бала маңызды!» ұранымен өткен бұл іс-шара аясында балалар үшін маңызды мәселелер бойынша өз пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік беретін ашық платформа құру, сондай-ақ оқушыларды туған ауылындағы білім беру ортасын және инфрақұрылымды жақсарту үдерісіне тарту мақсатында мазмұнды бағдарлама жүзеге асырылды. Тақырыптық күн «Баланың амандығы – мемлекеттің қамқорлығында» атты дөңгелек үстелмен ашылды. Оған білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Кейін «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, балалар мен ересектер өңірдегі балалардың жағдайына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдер мен мектептік балалар омбудсмендері қатысты.
Смирнов №1 орта мектебінен мектеп омбудсмені Абдуалиева Томирис сенімді сөз сөйлеп, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі, мектептегі жайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы туралы өз көзқарасын білдірді. Оның сөзінде білім алушылардың пікірін тыңдаудың, оларды шешім қабылдау үдерісіне тартудың маңызы ерекше атап өтілді.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін оқушылар өз жетістіктерімен бөлісіп, қоғамдағы балалар дауысының маңыздылығын айқындайтын интерактивті форматтарға қатысты.
Шараның соңында белсенді қатысқан оқушылар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қосымша ақпарат көздері