Лагерьдегі төртінші күн: печенье, брелоктар және командалық рух!

Бүгін №1 Смирнов орта мектебі жанындағы жазғы сауықтыру алаңында күн ерекше шығармашылық пен дәмге толы өтті! Таңертең балалар тәрбиешілермен бірге пісіруді қажет етпейтін үй печеньесін дайындап, хош иісті аспаздық әлеміне енді. Әркім өз үлесін қосуға тырысты: бірі печеньені үгітті, бірі қамыр илеп, енді бірі оларды әдемілеп тәрелкеге жайды. Нәтижесінде өте дәмді әрі көз тартарлық тағам шықты.

Түскі асыстан кейін балалар «Брелок жасау фабрикасы» атты қызықты шығармашылық ойынға қатысты. Бұл жерде әр бала нағыз өндіріс процесінің бір бөлшегіне айналды. Рөлдер бөлініп, бірі материалдарды дайындаса, екіншісі дизайнмен айналысты, ал басқалары брелоктарды құрастырып, сәндеді. Бұл процессте олар тек шығармашылықпен айналысып қоймай, командалық жұмыстың маңыздылығын да түсінді. Әркім ұжым табысының әрбір қатысушыға байланысты екенін ұғынды.

Нәтижесінде әр баланың қолынан ерекше, жарқын брелоктар шықты – өз қолдарымен жасаған естелік сыйлықтар. Олар тек сөмке мен қаламсауытты әшекейлемей, осы көңілді, достыққа толы пайдалы күнді еске салып тұрады!

Қосымша ақпарат көздері