Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі

№ 1 Смирнов орта мектебінде 2025 жылдың  3 қыркүйегінде Қазақстан халқының Тілдері күніне орай еліміздің рухани байлығы мен ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналған «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» атты тілдер декадасы салтанатты түрде ашылды. Бұл шара ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың әдеби мұрасын дәріптеу және қазақ тілінің көркемдік, танымдық, тәрбиелік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Линейка мемлекеттік әнұранмен басталды. Одан кейін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бимагамбетова Ж.О. құттықтау сөз сөйлеп, ана тіліміздің мәртебесін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, елімізде өмір сүретін түрлі этностардың мәдениеті мен тіліне құрметпен қарау – Қазақстанның басты құндылықтарының бірі екені айтылды.

Іс-шара барысында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жатқа айтты.

Бұл іс-шара оқушылардың тілге деген құрметін арттырып қана қоймай, оларды рухани байлыққа жетелейтін маңызды қадам болды. Мектебімізде мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдіміз.

Қосымша ақпарат көздері