10 қыркүйек күні мектебіміздің оқушылары үшін таң ерекше әрі өте жағымды басталды. Психолог Д.Ж. Бейсенова «Сыйға күлкі» атты іс-шара өткізді.
Мектепке кіреберісте балаларды «жақсы тілектер қорабы» қарсы алды: әр оқушы кез келген тілек қағазын суырып алып, күні бойы жақсы көңіл-күймен жүруге мүмкіндік алды. Жылы әрі шынайы сөздер балалар үшін жағымды тосынсый болып, жаңа оқу күнін күлімсіреп қарсы алуға көмектесті.
Мұндай дәстүр оқушыларға қуаныш сыйлайды, достық атмосфера қалыптастырады және бір-бірімізге көңіл бөліп, қолдау көрсетудің маңыздылығын еске салады.
