10 қыркүйек күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған жарқын әрі позитивті «Музыкалық үзіліс» ұйымдастырылды. Үлкен үзіліс кезінде балалар «Күлкі музыкасы» атты өмірге шабыт беретін әндер топтамасын тыңдап, көңілді би флешмобына белсене қатысты.
Іс-шара Бүкіл әлемдік суицидтің алдын алу күніне орай өткізілген «Күлкі сыйла — әлемді жарық ет!» атты әлеуметтік акция аясында жүзеге асырылды. Акция келесі мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтуде:
- СҚО әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ,
- СҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК.
Мұндай музыкалық үзіліс балаларға сергектік, қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлап, оларды достық пен өзара қолдау атмосферасында біріктірді.
