Қазақстан Республикасында жыл сайын елімізде тұратын халықтардың тілдер күніне орай түрлі іс-шаралар өткізіледі. «№1 Смирнов орта мектебі»КММ -де 7-сынып оқушыларына арналған орыс тілі пәні бойынша «Орыс тілінің- құпиясы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. Орыс тілі – құпияға, беймәлім дүниеге және қызықтылыққа толы таңғажайып ел. Іс-шара барысында әділ қазылар алқасы – мектеп кітапханашысы Е.А Иванко және О.Я. Бобко командалардың жұмысын шынайы бағалап, нәтижелерін жариялады. Барлығы ризашылықпен қарсы алды! Оқушыларға сөздер мен әріптерге байланысты тапсырмалар, орфографияны тексеру, сондай-ақ «Полиглот» байқауы ұсынылды. Бұл байқауда оқушылар орыс сөздеріне қазақша және ағылшынша баламаларын табуы керек болды. Лингвистер орыс тілінің байлығына, нақтылығына, қуатына және сұлулығына жоғары баға берді. Біздің оқушылар да осы үлгімен сөздік қорын байытып, сауаттылығын арттырып, тіл мәдениетін нығайтуы, орыс тілін сүюі және құрметтеуі қажет.
Г. Жулдоспаева.
