Табиғат әрдайым өзінің сұлулығымен және қарапайымдылығымен бізге шабыт береді. Бүгін «Айналайын» шағын орталығында балаларға бірлік, достық және қоршаған ортаға ұқыпты қарау сезімін тәрбиелеуге бағытталған сабақ өтті. Балалар шығармашылық жұмысқа үлкен қызығушылықпен араласып, өз сезімдерімен бөлісіп, ортақ нәтижеге қуанды. Мұндай сабақ балаларға біртұтас команда мүшесі болуды сезініп, кішкентай қадамдардан үлкен керемет дүниенің туатынын көруге мүмкіндік берді.«№1 Смирнов орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығының тәрбиешісі: Б. Т. Алдабергенова
Табиғаттан шабыт
