17 қыркүйек күні мектебімізде кәсіптік бағдар беру бағдарламасы аясында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Университеттердің өкілдері Аризонаның Орталық және Оңтүстік Азия бойынша халықаралық директоры Рики Салазар және халықаралық кампус менеджерлері Әлия Маукенова мен Кристен Дэниэлсон болды. Қонақтар мектеп оқушыларына болашақ студенттерге зор перспектива ұсынатын қос дипломдық бағдарламаны жан-жақты түсіндіре алды. Студенттер М.Қозыбаев атындағы университетінде оқып жүргенде бір мезгілде Аризона университетінің халықаралық деңгейде мойындалған дипломын ала алатынын білді. Бұл олардың сапалы білім алуына, ағылшын тілін жетік меңгеруіне, Қазақстанда ғана емес, шетелде де еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Балалар оқуға түсу, білім беру бағдарламалары және студенттік өмір туралы қызығушылықпен сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер оқушыларға мамандық таңдау туралы алдын-ала шешім қабылдауға және олардың болашағы үшін жаңа мүмкіндіктерді көруге көмектеседі.
Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің өкілдерімен кездесу
