Кітап Time “Абайдың даналығы – 180 жылдық шабыт”

2025 жылғы 23 қыркүйек күні аудандық кітапханада рухани тағылымға толы “Кітап Time” атты әдеби фестиваль өтті. Биылғы шара қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Фестиваль аясында “Абайдың даналығы – 180 жылдық шабыт” тақырыбында түрлі әдеби, танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.Аталған шараға аудан мектептерінен белсенді оқушылар қатысты. Солардың ішінде №1 Смирнов орта мектебінің оқушылары – Ли Виктор мен Ильясов Нурсултан ерекше көзге түсті. Олар Абай шығармашылығына арналған көрмеге қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, терең мазмұнды баяндамаларымен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Фестиваль жас ұрпаққа кітап оқудың маңызын ұғындырып, Абай мұрасын терең танып-білуге ықпал етті. Мұндай игі шаралар оқушылардың рухани дамуына, тіл байлығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен әсерін тигізеді.

Мұғалімдері: Альбекова Л.К., Бимагамбетова Ж.О.

Қосымша ақпарат көздері