16 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстандағы отбасы күніне арналған салтанатты жиын өтті.Жиынды бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Айнұр Олжабайқызы дайындап, өткізді.Жиын бағдарламасында отбасы туралы өлеңдер оқылды,«Мақал-мәтелдерді білесіз бе?» атты викторина ұйымдастырылды,«Менің отбасым» атты мультфильм көрсетілді және«Бүкіл отбасы — осылар» тапсырмасы орындалды. Бұл тапсырмада оқушылар туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді анықтады.Жиынның басты назарында аптаның дәйексөзі болды:«Ақын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға».Бұл сөздер жиын тақырыбымен тікелей байланысты. Себебі отбасы құндылықтары — махаббат, құрмет, бірлескен еңбек пен бір-біріне қамқорлық арқылы біртіндеп қалыптасады.Жиын балалардың: «Біз — бір отбасымыз!» деген сөздерімен аяқталды. Бұл сөздер ұрпақтар сабақтастығы мен бірліктің нышанына айналды.
Қазақстандағы отбасы күніне арналған салтанатты жиын
