ҚР Президентінің 2025 жылдын 8 қыркүйекте «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы «№1 Смирнов орта мектебі»КММ де талқыланды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Аленова К.Е. өз сөзінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл құралдар оқытудың сапасын едәуір арттырып, оны әрбір оқушының қажеттілігіне бейімделген әрі қолжетімді ете алады. Оқушыларды жасанды интеллект негіздеріне үйрету бастамасы шабыттандырды. Бұл балалардың цифрлық әлемде өмір сүруге және еңбек етуге дайын болуына көмектесетін заманауи қадам. Біз, мұғалімдер үшін де, бұл — кәсіби өсудің мүмкіндігі, өйткені біз жаңа технологияларды оқушылармен бірге меңгеретін боламыз.Күлзипа Елтайқызы мұғалімдердің назарын биыл ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жаңа технологиялармен жабдықталған екі кабинет ашылғанына аударды. Жасанды интеллектті енгізу ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де үлкен көмекші бола алатыны аса маңызды — жаңа технологиялар олардың оқуы мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.Ол өз сөзін былай деп жалғастырды: мен Жолдауда айтылған идеялар Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуына қуатты серпін беретініне сенімдімін. Біз, педагогтар, бұл бастамаларды қолдауға дайынбыз және оқушыларымызбен бірге жаңа биіктерге жетеміз!
Президент Жолдауын талқылау
