«Алтын Сақа»математикалық олимпиадасының 1-кезеңін өткізу

2025 жылдын 10 қазан күні №1 Смирнов орта мектебінде 5-сыныптың 17 оқушысы арасында онлайн форматта «Алтын Сақа» математикалық олимпиадасының 1-кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – дарынды және талантты оқушыларды анықтау, логикалық ойлауды дамыту және математика пәніне қызығушылықты арттыру.
Олимпиада барысында оқушылар стандартты емес математикалық тапсырмаларды, логикалық есептер мен зейінділікке арналған мысалдарды шешті. Оқушылар белсенділік, табандылық танытып, тапсырмаларды орындауға зор қызығушылықпен кірісті.
Бірінші тур нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
Сатанов Тимур мен Кудьяров Рустам – 2 орын.
Цигай Кирилл мен Касымов Даниял – 3 орын.

Қосымша ақпарат көздері