
2025 жылдың 16 қазанында өткен Кәкімбек оқуларында мектебіміздің оқушылары ерекше белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл байқау – көрнекті ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, сөз өнерін құрметтеуге баулу мақсатында ұйымдастырылған маңызды шара болды.Байқауға қатысқан оқушыларымыз өз білімдерімен, мәнерлеп оқу шеберлігімен, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілігімен көзге түсіп, мектеп абыройын асқақтатты. — 9-сынып оқушысы Магаметова Лола байқауда жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иеленді. Мұғалімі Науразбаева А.У. — *5-сынып оқушысы Ордуханова Интизар байқауда ІІ орын иеленді. Жетекшісі – Ильясова А.У. — 7-сынып оқушысы Виктор Ли де осалдық танытпай, ІІІ орын иеленіп, өзінің поэзияға деген қызығушылығын дәлелдеді. Мұғалімі – Бимагамбетова Ж.О.Оқушыларымыздың бұл жетістігі – ұстаздар еңбегінің жемісі, жүйелі дайындықтың нәтижесі. Мектебіміз мақтаныш тұтатын шәкірттерімізге шығармашылық табыс тілейміз!
