Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық аудандық фестивалі«Жақсылық пен түсіністікке жол ашық»10 қазан күні аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандардың «Жақсылық пен түсіністікке жол ашық» атты шығармашылық фестивалі өтті.Іс-шараның мақсаты – қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдардың өміріне назарын аудару, олардың мәселелеріне деген оң көзқарас қалыптастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.Фестивальге «№1 Смирнов орта мектебі» КММ 8 «Б» сынып оқушысы Колбасинская Виолетта қатысып, Отан туралы өлең оқыды. Оның жүрекпен орындаған туындысы көрермендердің ыстық ықыласы мен шынайы қошеметіне ие болды.Іс- шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар мен қонақтарға жағымды эмоциялар, шабыт және мейірімділік пен түсіністіктің күшіне деген сенім сыйлады. Фестивальге қатысқан барлық жандар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жақсылық пен түсіністікке жол ашық» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық шығармашылық фестивалі
