



2025 жылдын 16 қазанда «№1 Смирнов орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасы күніне арналған дәстүрлі мәнерлеп оқу байқауы өтті.Іс-шараға 1–4 сынып оқушылары белсенді қатысты. Әр қатысушы Отанға, Қазақстанға және туған жерге арналған өлеңдерді мәнерлеп, шынайы оқып шықты.Оқушылар жақсы дайындықтарын, артистік қабілеттерін, өз еліне деген сүйіспеншілігін және сенімділіктерін көрсетті. Барлық қатысушылар өздерін жақсы қырынан танытып, көрермендерге қуанышты көңіл күй мен мерекелік әсер сыйлады.Мұндай іс-шаралар оқушылардың патриоттық сезімін, туған елі мен ана тіліне деген құрметін тәрбиелеуге, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
