Мектепалды сыныбындағы интеграциялық сабақ

1 Смирнов орта мектебінің мектепалды сыныбында Қазақстанның ұлттық мәдениетімен танысуға арналған қызықты да танымдық сабақ өтті. Балалар киіз үйдің не екенін, оның құрылымы мен көшпелі халықтардың өміріндегі маңызы туралы білді.Қоршаған ортамен танысу және аппликация бойынша өткен интеграциялық сабақ аясында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі баспанасы туралы білімдерін бекітіп қана қоймай, өздерінің шығармашылық жұмыстарын да қызығушылықпен орындады. Балалар өткен тарихқа саяхат жасап, өз Отанымыздың мәдениеті мен тарихының жаңа беттерін ашты.Бұл сабақ 25 қазан — Республика күні қарсаңында өткен жарқын шаралардың бірі болды. Ол балалардың ұлттық дәстүрлерге деген құрметі мен мақтаныш сезімін оятуға ықпал етті.

Қосымша ақпарат көздері