«№1 Смирнов орта мектебі» КММ базасында «ДЕМЕУ» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы ұйымдастырған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының аудандық слеті өтті.Іс-шараға аудан мектептері қатысты, ал парасаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстарды бес мектеп ұсынды: №1 Смирнов ОМ, Смирнов мектеп-гимназиясы, №3 Смирнов ОМ, Қиялы ОМ және Тоқшын мектеп-гимназиясы. Слет мектептердің үгіт-насихат бригадаларының сөз сөйлеуінен басталды, онда әр команда адалдық, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік идеяларын насихаттауға бағытталған өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды. №1 Смирнов орта мектебінің үгіт бригадасы өзін ерекше көрсетті, олардын өнерін қазылар алқасы мен көрермендер жоғары бағалады. «Адал ұрпақ» клубы оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, адалдықты, парасаттылықты және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және аудан оқушылары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының аудандық слеті
